
Бесқарағайда қазақ күресінен түйе палуандар арасында өткен ел чемпионатында мұндай мүмкіндікке 4 палуан ие болды. Дүбірлі дода 9 облыс пен Астана және Алматы қаларынан 24 спортшының басын қосты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жаңғыру елдің рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» дегені белгілі. Бұл ретте ұлттық мәдениет пен спортқа ерекше ден қою да маңызды. Мұндай жарыстар мен белді спортшыларға қолдау көрсету – қазақы бірегейлікті сақтаудың бір жолы, - дейді ұйымдастырушылар. Кілең мықтылар жиналған жарыста кімдердің бабы мен бағы қатар шапты? Толығырақ келесі бейнематериалда.