
Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі спорт күні деп белгіленген. Бұл мереке 2003 жылдан бері аталып өтіледі. Мейрам қарсаңында Семейде жасөспірімдер арасында велоспорттан жарыс ұйымдастырылды. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен өткен шараға балалар және жасөспірімдердің №1 олимпиадалық резервтегі мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.